Істің көзін тапқан «Super Pharm»

Енді фармацевтикалық зауыт өзіне қажет шикізатты дайындайды

0 2

Жамбыл ауданында орналасқан «Super Pharm» фармацевтикалық зауыты енді медициналық бұйымдармен қатар, шикізат та дайындамақ. Қазір кәсіпорын жаңа кешеннің құрылысымен айналысуда. Кешен іске қосылғанда ауыл шаруашылық, жол, құрылыс заттарына қажетті шикізаттар нарыққа шығарылады. Қазірдің өзінде өнеркәсіп орнында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылына мұнда 15 миллион дана бірреттік медициналық бұйым шығарылады.

Жұмысын 2011 жылы 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған зауыт бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық затты өзімізге және көршілес мемлекеттерге экспорттайды.
Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған бетперделер мен шприцтер, системалық құралдар, спиртті салфеткалар мен бинт, лейкожапсырмалар, ота жасауға арналған құрал-жабдықтар: қайшы, пышақтар жиынтығы өндіріледі.
Сондай-ақ жұмысшыларға да жағдай жасалған. Жаңадан орналасқан азаматтар техника тілін меңгеру үшін арнайы курстарды тегін оқып, кәсіпке үйренеді.
Тағы бір айта кетерлігі, жұмыс беруші балалар үйінен шыққан, тұрғын үйі жоқ жандарға зауыт ішінен салынған жатахана мен асхана тегін қызмет көрсетеді.
Кәсіпорын директоры Қайрат Қаймолдаевтың айтуынша, осы күнге дейін медициналық бұйымдарды өндіру үшін шикізатты сырттан тасымалдайтын болса, енді сол шикізатты өндіру үшін зауыттың аумағында үлкен кешеннің құрылыс жұмысы басталған. Қажетті құрылғыларды орнату үшін 1,7 миллиард теңге жұмсалыпты. Келер жылдың мамыр айында іске қосылатын кешенде 100-ге жуық адам еңбек етеді деп жоспарлануда.

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.