Ізгілік шамы өшпегей…

0 0

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Ізгілік» орталығы өз қызметін бастады. Орталықтың ашылу рәсіміне университет ректоры Ержан Әмірбекұлы, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, облыс орталығындағы орта білім беру мекемелерінің ата-ана комитеттерінің төрағалары мен төрайымдары қатысты.

Жиынды алғы сөзімен ашқан университет ректоры Ержан Әмірбекұлы орталық жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді.
– Бұл орталықты ашудағы мақсат әр қазақтың сапалы өмір сүріп, тәрбиелі азамат болып өсуіне, үлгілі отбасы болып қалыптасуына үлес қосу болып табылады. Осылайша жастар арасында қазіргі қоғамның дерті болып отырған әр түрлі жағдайлардың алдын алуды, шешімін табуды басты міндетіміз санаймыз, – деді Ержан Әмірбекұлы.
Сонымен қатар, шараға қатысқан Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мүбарак Қасымқызы орталық жұмысын жүйелеуге қолдау білдіретінін жеткізді.
«Ізгілік» орталығының ашылуына ата-аналар комитеті де өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, бала тәрбиесінің маңыздылығын ескеріп, болашақта жақсы жемісті жұмыстарды бірге атқаруға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
Айта кету керек, орталықтың басқосулары әр аптаның сейсенбісінде бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп отыратын болады.

Айымбала МЕШЕЛОВА,
ТарМПУ баспасөз орталығының қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.