«Күміс алқа» қанша уақытта беріледі?»

0 39

Жұртшылықтың өз құқығын білуге көмектесуге арналған айдарымызға көпбалалы анадан хат келді. «Шүкір, алты баланың анасымын. Алтыншы бала бір жасқа толған соң көпбалалы аналарға берілетін «Күміс алқаға» құжаттарымды тапсырдым. Одан бері 8 ай уақыт өтті. Әлі хабар жоқ. Осынша уақыт кешігуі заңдылық па? Құжат өткізген жерден сұрасам, мардымды жауап бермейді. Не істесем болады?» делінген хатта.

«Қорғау» орталығының облыстағы филиалының бас маманы, заңгер Баян Құрбанова:
– Негізі елімізде көпбалалы аналарға берілетін «Алтын алқа», «Күміс алқаға» тапсырылған бірнеше адамның құжаттары жиналып, Президент Әкімшілігіне топтастырылып жіберіледі. Нұр-Сұлтан қаласында заңға сай толықтай қаралып, зерттелгеннен кейін ғана келеді. Әркімдікі жеке қаралып, тек жалғыз құжат жіберілмейді. Сондықтан уақыттың бұлайша созылуы заңға томпақ келмейді.
Бірақ құжатты қабылдаған мекеме көпбалалы анадан құжаттарын қай күні қабылдап алғанын және ол не себептен кешігіп жатқанын нақты айтып, мән-жайды түсіндіріп, жауап беруі керек. Егер мекеме тарапынан нақты да заңды және әдепті жауап берілсе, күрделі мәселе туындамайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.