Қабір басына топырақ салуға емес, ақша алуға барады

0 36

     Бүгінде қазадан да қаржы тапқысы келетіндер бар. Әсіресе имамдардың жаназа үшін «жалақы» сұрайтыны жасырын емес. Ал енді кейінгі кездері мола басына топырақ салуға емес, ақша алуға баратындар көбейіп келеді.

     Әрине мұндай әрекетке қаза болған адамның жақындары итермелейтіні анық. Бірі дәулетін көрсетіп, енді екіншісі «елден қалмайын» деген теріс түсінікпен жерлесуге барғандарға берілетін беторамалардың орнын ақшамен алмастыруда. Бірақ  шариғатымызда бұл қаншалықты дұрыс?

«Шариғатымыз бойынша жаназа намазды да, басқа намазды да Алланың разылығы үшін оқу керек. Жаназа намазына Алланың разылығы үшін қатысу керек. Ал біреу ақша беріп жатыр деп, соны алу үшін ғана жаназаға бара­тын болса, оның ниеті, жа­наза намазы қабыл емес. Мұндай ниетпен баруға болмайды. Ал қайтыс болған кісіге тек топырақ салу үшін баратын бол­са, әңгіме басқа. Қазіргі кез­де ауылдарда адамдар сөз­ден қашып, әр атаның баласы­на ақша тарату дейтін амалға барып отыр. Көбінің ниеті – сол ақшаны алу. Мұның дұрыс еместігін ауылдардың кейбір тұрғындары да, имамдар да айтып келеді. Егер сол ақшаны қайтыс болған кісінің атынан туыстары садақа ретінде беретін болса, ол жақсы. Бірақ садақа алуға лайықты адамдар бар. Садақа өз иесіне жетуі керек. Мәселен, жаназаға ақша алуға келетін адамның біреуі­нің мың қойы, біреуінің отыз қойы болуы мүмкін. Ол адам садақаға мұқтаж емес. Мысалы, ауылдарда жағ­дайы төмен, жетім, жесір кісі­лер бар. Сол тізім бо­йын­­ша қайтыс болған кісіге сауа­бы тисін деп беруге болады. Өзім де ауылдарға барып, осы мәселе бойынша жиын­­дарға қатыстым. Егер ақша қой­маса, басқалардан ұят бола­ды дейді кейбіреулер. Бұл ша­ри­ғатымызда «рия» деп ата­лады. Бұл амал қа­был етіл­­­мейді. Яғни Алла­ның ра­зы­­лығы үшін емес, адам­дар­­дың сөзіне бола мұндай әре­­кетке бару дұрыс емес», дей­ді Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бах­тияр Амантайұлы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.