Қала әкімдігінің ғимаратына сейсмо-жаттығу өткізілді

0 3

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің ғимаратына облыстық төтенше жағдайлар департаменті сейсмо-жаттығу өткізді. Шара барысында «Баршаның назарына!» дамылы берілген кезде қызметкерлердің іс-қимылы, сондай-ақ ықтимал жер сілкінісі кезінде мүдделі барлық мекемелердің өзара байланыс әрекеттері пысықталды. Ал арнайы қорғаныс киімдерін киген құтқарушылар өрт сөндіру мен ғимараттан адамды құтқару көрінісін көрсетті. Мұндай шара төтенше жағдай орын алған кезде адамдардың іс-қимылы мен әрекетін біріктіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.