"Талаптың мініп тұлпарын..."

Қала берші қиялымда

Written by Aray2005

Жазира ЕРЕЖЕПБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің студенті

Кейде өзіме белгісіз күйге түсем,
Қиялымды жалғыздық қамағандай.
Көрінер деп сол жанды күнде күтем,
Жүрегіме қайтадан оралардай.

Өз өзімді сабырға шақырсам да,
Шыдатпайды санамды сабаған ой.
Сезім маған бағынбай тұрса онда,
«Бақытыма» мен сені балағам ғой.

Тастап кеткім келеді бұл қаланы,
Ұмытып та кетермін сені бәлкім.
Кезіп кетсем-дағы мен кең даланы,
Қиялымда қалады мәңгі атың.

Қала берші қиялымда…

ПІКІР