Қалалық емхана жаңа КТ аппаратымен толықты

0 1

Тараз қалалық №2 емханасына контрасты тексеру жүргізуге арналған «u СТ 528 компьютерлік томограф» деп аталатын 80 кескінді жаңа құрылғы алынды.                                                                                                                                  Ол нарықта ең заманауи және көпкесімді, дәл диагноз қою үшін диагностикалау мүмкіндігі бар және радиациясының дозасы төмен. Сондай-ақ жоғары сапалы суреттерді тез алуға мүмкіндік береді. Тексерілетін адамның максималды салмағы 205 килограмға дейін болғандықтан кең туннель клаустрофобияны тудырмайды.
Зерттеудің жоғары көрсеткіштігіне орай жылдам диагностика жасай алады және орташа есеппен небәрі 2 минут уақытты алады. Сонымен бірге жоғары өнімділігі мен зерттеу нәтижесінің дәлдігі арқасында суреттерді сапалы түрде визуализациялау және деректерді мұрағаттау мүмкіндігі бар.
Құрылғы емхананың 1-қабатында, жеке кіреберісі бар ыңғайлы жерде орнатылған. Бүгінгідей пандемия жағдайында COVID-19-дың алдын алудың барлық мәселелері қарастырылған. Білікті мамандар мен жаңа заманауи құрылғының бағдарламалық жасақтамасы пациенттердің үлкен ағымымен жылдам әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


Мұнда №2 қалалық емханаға тіркелген тұрғындар ғана емес, сонымен қатар Тараз қаласы мен облыс халқы тексеріле алады.
Облыс тұрғындары құрылғы қызметін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында амбулаторлық деңгейде «Даму-Мед» ақпараттық жүйесінде медициналық қызметтер тарификаторына сәйкес тегін ала алады. Ол үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханасынан аймақтық дәрігердің жолдамасы болса жеткілікті.

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.