Елден хабар

Қанат Әуесбай телеарна директоры болып тағайындалды

Written by Aray2005

Белгілі журналист, ­«Болашақ» халықаралық стипендиясының­ иегері, ­филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әуесбай «Қазақстан» РТРК АҚ А­тырау облыстық филиалының директоры болы­п тағайындалды.

Қ. Әуесбай 1982 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 1999-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алған. 2004-2008 жылдары білімін осы университетте аспирантурада жалғастырды.

Ол «Түркістан» халықаралық газетінің тілшісі, «Еуропа плюс Қазақстан» радиосында сазды жүргізуші,  «31 арна», «Қазақстан»,  «Астана» телеарнларында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде оқытушы болып және өзге де қызметтерде табысты еңбек еткен.

ПІКІР