Қандай мамандық сұранысқа ие?

0 0

Бүгінгі қоғамның сұранысына сай маман даярлау заман талабы. Бірақ сол қажет болып отырған мамандарды даялау ісі қалай жүріп жатыр? Көңілден шығады ма? Мемлекеттік тапсырыс гранты керекті мамандықтарға бағытталып жатыр ма? Осы сұрақтар төңірегінде облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалық етуімен 2020-2021 жылғы оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Кадр дайындаудың өте өзекті мәселе екеніне тоқталған Е.Жылқыбаев нарықтың, нақты айтқанда жұмыс берушілердің сұранысына сай маман дайындау мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі екенін айтып өтті.
Комиссия отырысында баяндама жасаған облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова биыл өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне мемлекеттік гранттар бөлу үшін республикалық қазынадан 1,7 миллиард теңге қаржы қарастырылғанын жеткізді.
Облыс әкімінің орынбасары аталған қаражаттың аз емес екенін, колледждерде экономикалық талапқа жауап бере алатын кәсіби мамандар білім алуы қажеттігін айта келіп, облыста 11 білім мекемесінің модернизациялаудан өткенін айтты. Ал Ж.Бекбатырованың айтуынша, өңіріміздегі 46 колледждің 37-сі мемлекеттік тапсырыс конкурсына қатысып, тек қажетті мамандықтар бойынша гранттар тағайындалғанына тоқталды. Ал биыл колледждер бойынша 3082 грант бөлінген екен.
Жиын барысында Ержан Жұматұлы соңғы үш жылдың талдау қорытындысы көрсеткендей көп мамандарымыз қайтадан жұмыссыздар қатарын толықтырып жатқанын атап өтті.
– Жастар арасындағы жұмыссыздық 2,7 пайызды құраса, NEET жастары – 7,5 пайыз. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Яғни 18 мың жас жұмыссыз немесе оқуға бармайды, – деген облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік білім беруге бөлінген гранттарды орналастыруда бірінші кезекті мамандықтарға жүргізілген скринингтің қорытындысы басшылыққа алыну керектігін жауапты тұлғаларға ескертті.

Жасұлан Сейілханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.