Қаңтар айында 77 есірткі қылмысы тіркелді

0 7

Жамбылдық полицейлер 2021 жылдың қаңтар айындағы есірткі қылмысына қарсы күрестің қорытындысын шығарды.

Департаментің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есепті айда  77 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтаған. 18 – есірткі сату болса, 6 – аса ірі көлемде сақтау, 1 – есірткі заттарының контрабандасы және 53 – қылмыстық теріс қылықтар дерегі тіркелген.

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша,  тексеріс жұмыстарының нәтижесінде заңсыз айналымнан 84 келі түрлі есірткі заттары шығарылыпты.  Оның ішінде 25 келі марихуана, 59 келі астам гашиш, 570 грамнан астам героин және 10 грамм синтетикалық есірткі заттары бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.