Жамбыл жаңалықтары

Қарақұйрық атқан браконьерлер қолға түсті

Written by Aray2005

Мамандандырылған «Сапсан» жедел тобы 18.02.2020 жылы кезекті рейдтік шаралар жүргізді. Шара барысында «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары түнгі сағат 23:20-лар шамасында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз атып алған 4 адамды ұстады.

Оқиға Байзақ аудандық орман қоры аумағында орын алған. Тінту барысында 16 калибрлі қару тәркіленіп алынды. Топ өкілдері бүгінде барлық айғақ заттарды Байзақ аудандық полиция бөлімшесіне өткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

ПІКІР