Карантинге жатқызылған өнімге сертификат беріле ме?

0 1

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда рәсімделеді. Фитосанитариялық сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың жеке қолы мен мөрі (мөртабан) қойылып беріледі және куәландырылады.
Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландырады.
Ұсынылған ақпарат толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан бас тартады.
Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік (облысаралық) тасымалдауға карантиндік сертификат беру немесе оны беруден уәжді бас тарту 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рәсімделеді. Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қарайды. Сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен үлгілерді іріктей отырып, тексеріп қарауға барады.
Фитосанитарлық талаптарды бұзу және карантинге жатқызылған өнімді межелі пунктінде екіншілік карантиндік бақылауға ұсынбаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде әкімшілік іс жүргізілетін болады.

Арайлым ҚЫРҒЫЗБАЕВА,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік
кешені мемлекеттік инспекция комитетінің
Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер
карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.