"Шамшырақ"

Қашықтықтан оқыту қиындық тудырмайды

Written by Aray2005

Елімізде жарияланған төтенше жағдай аяқталғанымен білім беру нысандары қашықтықтан оқытуды әлі де жалғастыруда. Қашықтықтан оқыту жүйесі ғаламтор арқылы жүзеге асып, қазір өз жемісін көрсетіп те үлгерді.

Mooble жүйесінде сабақ дайындау және өткізуде оқытушы глосарий ресурс, әртүрлі тапсырмаларды, тест, аудиодәрістер және тағы басқа курс элементтердің жиынтығын пайдаланады.
Интербелсенділікті арттыру мақсатында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Құрылыс» бөлімі 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының студенттері онлайн сабақты чат, электрондық пошта сервисін қолдану арқылы өтіп жатыр. Сондай-ақ дәрістерді облыс әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайты бойынша орындап, жүзеге асырудамыз.
Жаңа дүниенің қашанда бастапқыда таңсық болатындығы белгілі. Дегенмен, қазіргі уақытта оқытушылар да, білім алушылар да бұл жүйенің тиімділігін көруде.

Жанар Бақбергенова,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
өндірістік оқыту шебері

ПІКІР