Қасиетті айда 4 ауыл ішімдіктен бас тартты

0 9

Бұл жан жадыратар жаңалық туралы Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев өзінің Фэйсбук парақшасында жұртшылықты Рамазан айымен құттықтауында бөлісті.

«Таразыда салмағы ауыр айдың қарсаңында аудандағы Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартып, бүкіл мұсылман қауымына үлгі боларлық іс жасады. Ауыл қариялары мен жастары бастамашыл болған игілікті ісін жергілікті дүкен иелері де мақұлдап, зиянды сусынды тек осы айда ғана емес, мүлде сатылымға шығармайтынын уәде етті. Бұл – батагөй ақсақалдарымыздың және жалынды жастарымыздың еңбегі.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз бен құлшылығымызды қабыл етсін! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтсын! Дінімізге қуат, өзімізге иманның байлығын берсін», – дейді Сәкен Қаланұлы өз жазбасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.