Кәсіп түбі – нәсіп

0 8

Жасыратыны жоқ, көбіне оқушылар мамандық таңдау барысында қателесіп, қоғамдағы сұранысы аз кәсіптің соңынан кетіп жатады. Ал технология қарыштап дамыған сайын көптеген мамандықтар керексіз болып, тіпті жойылып барады. Облысымыздағы 80 жылдан астам тарихы бар, кәсіптік-техникалық білім беретін алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі мемлекеттік тапсырыспен 9-сыныптық білім базасында заманауи мамандықтар бойынша кәсіптік білім беруде.

Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Барлық мамандықтарға оқу тегін. Атап айтсақ, студенттер бізде «Наубайшы», «Кондитер», «Электр газымен дәнекерлеуші», «Сандық техниканы монтаждаушы-жөндеуші», «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы», «Жол-құрылыс машиналарының машинисі», «Автокөлікті жөндеу слесарі», «Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик», «Электр монтер» біліктіліктері бойынша білім ала алады.
Сондай-ақ колледж 11-сыныптық орта білім базасында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша ақылы негізде 3 айлық, 10 айлық қысқартылған курстарға да талапкерлерді қабылдайды.
Білім алушылардың сапалы білім алу және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін колледжде интернет желісіне қосылған мультимедиалық және интерактивтік тақталармен жабдықталған 32 оқу кабинеті,
7 зертхана мен цех, 2 шеберхана, 28 000-нан астам кітап қоры бар кітапхана, 24 орындық оқу залы, 32 орындық жатақхана, «Рухани жаңғыру» орталығы, саламатты өмір салтын ұстануға қажетті жазғы спорт алаңы, жаттығу және хореография залдары, денсаулықтарын бақылайтын медициналық кабинет жұмыс істейді.
Инженерлік-педагогикалық кадрлар білімді де білікті оқытушылар мен өндіріс шеберлерінен құралған. Жоғары, 1 санатты оқытушылар, магистрлер, PhD докторы, ғылым кандидаттары бар. Оқу үрдісі дуалдық және модульдік оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі.
Біздің колледжде оқытылатын кез келген мамандық иесі үлкен сұранысқа ие. Бұған дәлел – жыл сайын
150-ге жуық колледж түлектерінің
90 пайызы жұмыспен қамтылып отыр.
Білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыруда әртүрлі техникалық үйірмелер, «Көңілді тапқырлар клубы», спорттық-теннис, футбол, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес, барлық білім алушылар шәкіртақы алып, бір мезгіл ыстық тамақпен және жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Колледж бітірушілеріне мемлекеттік стандарттағы диплом үлгісі беріледі.
Ел болашағы– білімді жастар! Ендеше, өз таңдау­ыңды жаса.

Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің әкімшілігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.