Қоғам

Кәсіпкерлер мемлекет қолдауын айқын сезінді

Written by Aray2005

Біздің еліміз өз тарихында түрлі қиындықтарды абыроймен еңсеріп келе жатыр. Енді біздің қоғамның еншісіне әлемдік пандемия мен экономикалық дағдарыс сынды қиындықтарға қарсы тұру жауапкершілігі жүктелуде.  Бұл жауапкершілік жүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуінде айтылғандай бірлікпен, төзімділікпен ғана еңсере аламыз.

Біз облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күннен көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауды қолға алдық.  Шағын және орта бизнеске жетекшілік ететін нәзік жандылардан тұратын кеңес мүшелері аналық мейірімін төуден аянып қалған жоқ. Көпреттік бетперделер тігіп аз қамтылғн, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тараттық. Блок-бекеттер мен жедел жәрдем қызметінде еңбек етіп жүрген жандарға да қажетінше көмек көрсетілді. Көмек алушылардың өтініші бойынша құрамына бірінші кезекте тұтынатын азық-түліктері бар себеттер де әзірленіп, нысаналы топтарға берілді. Бірқатар іскерлік қауымдастықтар бірігіп, коронавирусқа шалдыққандарды емдеу ісінің алдыңғы сабында жүрген дәрігерлер мен медбикелердің тегін тамақтандырылуын қамтамасыз етті. Іскер әйелдер Мұндай көмекТараз қаласымен бірге бірқатар аудан орталықтарында да жүргізілді.

Біздің кеңес мүшелігіндегі кәсіп иелері төтенше жағдайдың алғашқы күнінен өз қызметтерін қайта құрылымдап, жұмысшылардың қысқаруына жол бермеуге тырысты. Бұл орайда кәсіпкерлік саласына мемлекет қолдауы айрықша серпін бергенін айта кеткен жөн. Еліміздегі 700 мыңға астам компания мен жеке кәсіпкердің қатарында жамбылдық бизнес субъектілерге де салықтық жеңілдіктер жасалды. Өз кезегінде бұл шара төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға үлкен демеу болды. Кәсіпкерлер осы қолдаудың өтеуін көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу шаралары арқылы өтеуге әзір.

Айгүл Ақшалова,

облыстық кәсіпкерлік палатасы жанындағы іскер әйелдер бірлестігінің төрайымы

ПІКІР