Қоғам

«Кәсіпкерлікке кең өріс ашылады»

Written by Aray2005

Мұқаш Ескендіров,
Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавируспен күресте алдыңғы шептен табылған барша сала мамандарының жұмысын жоғары бағалап, енді алда тұрған мақсатты жеті міндетті айқындап берді.
Оның ішіндегі бесінші бағыт – ұлттық бизнесті қолдау. Бұл бағыт бойынша «Даму» қоры арқылы кепілдендірілген несие беру тетіктері қарастырылмақ. Сондай-ақ «Ұлттық банк» арқылы 600 миллиард теңге көлеміндегі кредиттеу жүйесі де ойластырылуда. Бұл шағын және орта бизнестің өрісін кеңейтуге үлкен серпін беретіндігі анық.
Әрине, Президенттің шағын және орта бизнеске баса көңіл бөлуі орынды. Себебі әлемдік пандемия салдарынан бұл санаттағы өндіріс орындары көп шығын көргені белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Жол картасы» шеңбері аясында микро кредиттеу жүйесін жасауды тапсырды.
Мұндай несиелендірулер мен ауқымды жоспарлар, сондай-ақ банк алдында берешегі бар адамдардың төлемдерін кейінге шегеру, өндірісті өрістету қорын құру сынды бастамалар ел экономикасының аяғына қайта нық тұруына өлшеусіз үлесін қосады деп сенемін.

ПІКІР