"Кәсіпкерлік"

Кәсіпкерлікке кең өріс

businessman hand pushing a business graph on a touch screen interface
Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен жүздесіп, сұхбаттасқан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек облысымызда шағын және орта кәсіпкерліктің артып келе жатқанын айтты.

– Өткен 2018 жылдың 1 желтоқсаны мен 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,7 пайызға артып, 63,1 мыңды құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 5,9 пайызға артып, 127,6 мыңға жетті, – деді Мәріпбек Шәкербек.
Жеке кәсіпкерліктің артуымен жұмыспен қамтылғандардың үлесі облыс экономикасында 25,2 пайызды құрапты. Ал, облыс бюджетіне өткен жылдың 11 айында 27,1 миллиард теңге табыс түсірген.
Бизнестің құқықтарын қорғау бойынша аталмыш палатаға 242 өтініш түсіп, оның 97-сі оң шешімін тапқан. Палата өкілдері өткен жылы 25 сот ісіне қатысып, 17 іс кәсіпкерлердің пайдасына шешіліпті.

Мерей Амангелді

ПІКІР