Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант берді

0 0

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісті.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, жүктелген мәртебелі міндетті адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін» деп халыққа ант берді.

Міне, осы сәттен бастап Президент ресми қызметіне кіріскен болып саналады. Республика Президенті анттың мәтінін мемлекеттік тілде айтты.  Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

Орталық сайлау комитетінің Төрағасы Берік Имашев Конституцияның 48-бабына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі мен белгісін, «Алтын қыран орденін табыстады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.