"Талаптың мініп тұлпарын..." "Шабыт"

Қауырсын қалам

Written by Aray2005

Күту

Вокзалдарда күттім сені аяулым,
Автобустың бірінен сен түсер деп.
Кафеден де екі кесе шай алдым,
Біреуін сен келіп қалса ішер деп.

Сені күтіп көз ілмедім кеше мен,
Сен келесің сенем оған, шүбәм жоқ.
Тағы да гүл сатып алдым көшеден,
Қалқам келіп қалса алдынан шығам деп.

Көз жасымнан алқа жасап жинағам,
Ол кеп қалса мойынына тағар деп.
Екі орын алып келдім кинодан,
Меніменен бірге еріп ол барар деп.

Сен келмедің мұңымды айтып бауырға,
Өзім жалғыз күтіп алдым достарды.
Екі билет ап аттандым ауылға,
Қасымдағы бір орындық бос барды…

 

Іңкәр

Бұлттардың бауырынан гүл су алып,
Сәуір келді тағы да үркіп ауып…
Қапалақ- қапалақ қар жауған тілі мешел,
Жаман кемпір қыз тапқан күні кеше…
Ол тәңірдің түскесін хаты көктен,
Болып шықты сол қыздың аты – көктем.
Өксігіңмен көңілді сен езгілеп,
Тұрғанда жаңбыр жауған себезгілеп…
Сол жаңбырмен шыланып жылы өңіміз,
Еріп кетіп еді ғой жүрегіміз…
Бір тиянақ таппайды жермен- көктен,
Қурап қалған қолына қабықты іліп…
Қаз қаңқылын бесік қып келген көктем,
Жапырақты қайтады табыт қылып.
Әй дәурен-ай бет-аузы кір баладай,
Өтесің ау маған да бір қарамай…
Жүрген кезде, мен жүрдім…
Ел жар таңдап,
Сұлулардың шашына желді арқандап.
Болса екен деп тағдыры бұралаңсыз,
Тіледім мен көз жасым тамарында.
Он сегізім ойнақтап жүр алаңсыз,
Он бестегі қыздардың жанарында…
Махаббат бар құстардың сүйісінде,
Махаббат бар құс жолы түйісінде.
«Сол махаббат басталған қанды кекпен,
Күннен бастап Әбіл боп жандық отпен»
Береке бар, қызы бар үй ішінде,
Періште бар, жылқының иісінде.
Деді дағы : есінеп алды көктем,
Соңғы демін түйенің күйісінде.
Қанатындай сусылдап қырғауылдың,
Көрмеген әлі ешқандай тұзақ басып…
Жүрегін көктемдегі туған ұлдың,
Ойнап жүр күзде туған қыз ап қашып…

Шапағат ӘБДІР,
ТарМУ-дың журналистика мамандығының 2-курс студенті

ПІКІР