Қайратың қайтпасын, «Қайрат»!

0 5

Алматылық «Қайрат» клубы тағы сенсация жасады. Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде израилдық «Маккави Хайфа» командасын жеңсе, кеше Сербияның азулы клубы «Црвена Звезданы» тізерлетті.

Оңтүстік астанада өткен кездесуді отандастарымыз ширақ бастады. Алматылықтар шабуылға ден қойып, кездесудің 24-минутында Хосе Канте баспен гол соғып, есеп ашты.
Бірінші таймды өз пайдаларына шешкен «қайраттықтар» екінші 45-минуттыққа да ерекше екпінмен шықты. Алайда 57-минутта Дино Миканочив қарсылас соққысын қайтарамын деп өз қақпасына гол соғып алды. Десе де 79-минутта «Қайрат» қорғаушысы Маки Баньяк жеңіс голын соқты.
Қарымта ойын 29 шілде күні Белградта өтеді. Осы матчта алматылықтар жоқ дегенде тең ойнаса, үшінші айналымға жолдама алады.

Саян ТІЛЕУЖАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.