Sport

Қайырымдылық марафоны

Written by Aray2005

«Адал жүрек» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқаны аясында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде 600-ге жуық құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен саламатты өмір салты мен мейірімділікті және парасаттылықты насихаттау, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық марафоны өтті.

Марафонды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Тараз қаласының орталық алаңынан бастап Төле би көшесінің бойымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін 2 400 метр жерді құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер жүгіріп өтті. Әрбір қатысушының марафон басталмас бұрын ерікті түрде қайырымдылық жарнасын төлегенін де айта кеткен жөн.
Шара соңында қатысушылар мен жеңімпаздарды ұйымдастырушылар кубок және дипломдармен марапаттады. Ал марафонға қатыспағандар облыстық қан орталығында қан тапсырып, қайырымды іс жасады.

Саятхан Сатылғанов

ПІКІР