Қоғам

Қайырымдылық жасап жарысайық

Written by Aray2005

Ораза – күллі мұсылман қауымының ардақ тұтар айы. Бұл айда мұсылмандар ораза тұтып, зекеттерін атап, підия садақаларын беріп, жарлы-жақыбайларға қамқорлық қолын созып, үлкен сауапты істер жасайды.

Жақында Қордай ауданы әкімдігінің маманы Қайрат Нәметов Шу ауданының Ақсу ауылындағы жиырма шақты отбасына қайырымдылық жасап, жұртшылықты риза етті. Ауыл имамы Байұзақ Жаманкеев ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, көпбалалы, аз қамтылған, жалғызілікті, мүмкіндігі шектеулі жандарды шақырып, Алла үйінде Құран оқып, жомарт жанның қайырымдылығын жұртшылыққа таратып берді. Қайырымды істе Ақсу ауылы әкімдігінің Ақсақалдар алқасының төрағасы Нұрғазы Төлендиев пен Ақсу ауылдық әкімдігінің маманы Еркебек Есеналиев жылы лебіздерін жеткізіп, тілектерін арнады.
Қайырымдылық жасау әрбір адамның сауапты ісіне айналуы тиіс.Құрметті ағайын, қолдан келсе қайырымдылық жасай білейік! Ораза айында игі істер көп болғай.

Төреқұл Әлханұлы,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Шу ауданы

ПІКІР