Қазақстан – достық мекені

0 18

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, ұлттар арасындағы достықты, бірлікті насихаттау мақсатында «Қазақстан – достық мекені» атты мерекелік кеш өткізді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, достығы берік өзге ұлт өкілдерінің (қазақ, орыс, өзбек, татар т.б.) мәдениеті мен салт дәстүрлерін, ұлттық киімдері мен музыкасын таныстырды.
Іс-шараны әр ұлттың амандасуымен бастап, дәстүрлі әнін айтып, биін билеп өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, оқырмандарға Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» бейнеролін ұсынылды. Кешті Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен аяқтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.