Елден хабар

Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Written by Aray2005

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Беларусь Республикасының «Электрондық қызметтердің ұлттық орталығы» республикалық біртұтас кәсіпорнымен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсімі «TIBO-2019» XXVI Халықаралық АКТ форумына қатысу шеңберінде Минск қаласында өтті.

– Меморандумның мақсаты теңдік қағидаты, АКТ саласындағы бірлескен даму, ұсыныстар әзірлеу, білім, тәжірибе және инновациялық шешімдермен алмасу арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады, — деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Бекманов.

Меморандум шеңберінде тараптар АКТ саласындағы бірлескен іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, бірлескен жобаларды құру және дамыту тұрғысынан консультациялар мен тәжірибе алмасудағы бірлескен қызметті жүзеге асыру және «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін құру, енгізу, қолдау және дамыту және өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға келісті.

Қабылдаушы тарапқа «Ұлттық электрондық қызметтер орталығы» өкілдерінің қызығушылығын тудырған «Техбайқау» БАЖ, eSapa, eNotary сияқты «ҰАТ» АҚ инвестициялық жобалары таныстырылды. Одан басқа, әріптестік қатынастарды  дамыту шеңберінде тараптар арасында трансшекаралық құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Бұл екі елдің азаматтарына қажетті құжаттарды онлайн режимде импорттау, ресімдеу және қол қою процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ПІКІР