Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды

0 1

Синоптиктер 25-27 мамырға арналған Қазақстандағы ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында нағыз жазғы ауа-райы басталады.

Оңтүстіктен ойысқан жылы және құрғақ ауа массалары елімізде аптап ыстық пен құрғақшылықтың орын алуына түрткі болады. Еліміздің батысында 30 … 39 ° С аптап ыстық күтіледі, тіпті солтүстік жарты бөлікте де күндізгі уақытта сынап бағаны 32 … 38 ° С көрсетеді. Бірақ республикамыздың оңтүстік және шығыс жарты бөлігі де қалыс қалайын деп тұрған жоқ, сынап бағаны қарқынды жылдамдықпен көтеріліп, оңтүстікте 30 … 40 ° С, шығыста 30 … 36 ° С дейін аптап ыстық болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс Еуропа аймақтарынан антициклон батысқа, сосын солтүстік аймақтарға ығысып келеді. Суық солтүстік ауа ағыны батыс облыстарда температураның айтарлықтай төмендеуіне, яғни 25 … 33 ° С дейін, солтүстікте 18 … 28 ° С дейін алып келеді.

zakon.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.