Қазақстандық режиссердің өзбекше сериалы көрерменге жол тартты

0 16

Өзбекстан мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша түркиялық «Bo‘zdag‘ film» студиясы таспалаған «Мендирман Жалолиддин» тарихи сериалы жарыққа шықты. Туындының авторы қазақстандық режиссер Нұрғиса Әлмұрат, – деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

Алғашқы сериясы 14 ақпанда көрерменге жол тартқан тарихи сериал Хорезмді билеген Жалолиддин Мангубердінің өмірі, қолбасшылық еткен дәуірі мен тарихи шайқастары жайлы баяндайды. Десе де, сериал негізінен Хорезмшах пен Шыңғысханның шайқасына негізделген.

13 бөлімнен тұратын тарихи картинада басты рөлдерді яғни Хорезмшахты түрік актері Эмре Кивилджим сомдаса, ұлы Шыңғысханның рөлінде белгілі өзбек актері – Джавахир Закиров. Ал сериалды қазақстандық режиссер Нұрғиса Әлмұрат түсірген. Тарихи туындыны әр аптаның жексенбі күні кешкі сағат 20:30-да «Милли ТВ» арнасынан көруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.