Қазақстандықтар маскамен қашан қоштасады?

0 9

Орталық коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният халықтың арасында толығымен иммунитет қалыптасқанда ғана маскасыз жүруге рұқсат етілетінін айтты.
«Халықтың ортасында ұжымдық иммунитет қалыптаспай, маскасыз жүруге болмайды. 60 пайыздан астам халық жаппай вакцина салдырғаннан кейін ғана масканы шешуге болады. Шетелдік ғалымдардың алдын-ала мәліметтері бойынша, CVI-ға қарсы ұжымдық иммунитетке жету үшін ересек тұрғындардың кем дегенде 60% -ын вакцинамен қамту қажет. Бұл көрсеткіш әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты. Дәл осы мегополистерде адамдардың жаппай жиындары жиі құрылады және нәтижесінде инфекцияның тез таралу қаупі бар», – дейді вице-министр.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 400 жылдан астам уақыт бойы адамзаттарды шешек, оба секілді қатерлі індеттерден вакцинация қорғап келгенін еске салды. Министрдің сөзіне сүйенсек, соңғы 30 жылда эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың 870 еседен артық төмендегені, халық арасында «В» вирустық гепатитімен сырқаттанудың 150 есеге, көкжөтелмен сырқаттанудың 7,3 есеге төмендегені байқалған. Қазіргі уақытта полиомиелит, дифтерия, сіреспе, қызамық сияқты жұқпалар ұмытылатын деңгейге жеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.