Қазақстаннан бір жылда қанша адам көшті?

0 8

Қазақстаннан бір жылда 29 мың адам көшіп кетті деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, қоныс аударғандардың 25 мыңнан астамы Ресейге көшіп кеткен. Ұлттық статистика бюросы елден кеткендердің көбі Қарағанды, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары екенін жеткізді. Одан кейінгі қандастарымыздың үлкен легі Германияға ағылған. Германияға 2250 жерлесіміз қоныс аударды. Содан кейінгі орындарда Америка Құрама Штаттары, Беларусь, Өзбекстан мен Канада тұр. Қырғызстан мен Әзірбайжан, тіпті Израильге көшіп кеткендер де бар. Ал шет елден Қазақстанға құтты мекен іздеп келушілер жоқ емес. Атап айтқанда, 20-ға жуық мемлекеттен елімізге 12 мыңға жуық адам көшіп келген. Көбісі Ресей, Өзбекстан, Қытай азаматтары. Қазақстаннан кетіп жатқандардың басым бөлігі солтүстік өңірдің тұрғындары: Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.