Uncategorized

Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға жасаған үндеуін қолдаймын

Written by Aray2005

Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға жасаған үндеуін қолдаймын Қазақстаннның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустың таралуымен күресу кезінде тұрғындарды билікке қолдау көрсетуге шақырды.

«Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау»,- деді тұңғыш президент.

Н.Назарбаев өз үндеуінде: «Қазіргі дағдарыс ұзағырақ уақытқа созылар болса, үкімет оған қарсы шаралар әзірлеуге тиіс. Ондай жағдайда елімізді және азаматтарымызды қатаң үнемшілдікке, кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керек»,- деді.

Ол бұл қиын жағдайды еңсеру үшін қосымша ресурстар жұмылдыру керек екенін айтып, әрбір азамат қолынан келетін үлесін қосуы тиіс екенін алға тартты. Бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынды. Ондай қорларды әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет екенін жеткізді.

Мен Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға жасаған үндеуін қолдай отырып, «Тараз қаласының «Әулие-Ата парызы» қоғамдық қорының ашылғандығын айтқым келеді. Аталған қор коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларына көмек көрсету мақсатында құрылған, эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды қолдауға, қажетті қорғаныс заттарын сатып алуға және т.б. бағытталады.

Коронавирус пандемиясы кезінде барлық қазақстандықтар ауызбіршілік танытып, індеттің таралуына жол бермеу үшін жасалып жатқан шараларға барынша өзіндік қол ұшын созуда. Осыған байланысты аталған қорға жергілікті кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырамын.

Қазақта: «Бетеге кетсе бел қалар, Бектер кетсе ел қалар, Ал, береке кетсе нең қалар» деген аталы сөз бар. Осындай iндет келген кезде, бiзге береке,бiрлiк керек.Қазақ халқы осындай кезде басымыз бiрiгiп,Облыс әкiмінiң шешiмiмен құрылған штабтың тапсырмаларын тәртiппен орындайық. Тәртiпке бас иген қор болмайды,-деген Б.Момышұлы.

Батырбек Құлекеев,

Тараз қалалық мәслихатының хатшысы

ПІКІР