Қазақтың «Ванга қызы» 100 жылға нені болжады?

0 37

Бұл жалғанның жұмбағын түсініп болу мүмкін емес. Кейде тіпті адам айтса нанғысыз оқиғаларды естігенде не сенеріңді, не сенбесіңді білмейсің. Алайда дәл сондай жағдайды жақының басынан кешсе, бойыңды қорқыныш пен үрей қатар билейді.

Жамбыл облысының тумасы Әйгүл (кейіпкердің аты өзгертілген) жастайынан зерек болып өседі. Оқуда озат, құрбыларының алды еді. Сұлулығына таңдай қағып, сыртынан тамсанғандар да аз болмаған. Алайда Әйгүл бір мезеттік ынтық дүниеге емес, болашағын көп ойлады. 11-сыныпты қызыл дипломға тәмамдағаннан кейін Алматы қаласына арман арқалап барып, оқуға түсемін деп жоспарлап жүрген. Алайда Әйгүл бір күнде өзгеріп шыға келді. Әрдайым жаздай жадырап жүретін ол бір сәтте өз «әлемінде» қамалып, ешкіммен тілдеспейтін күйге түсті. Тіпті күндердің күнінде өз-өзімен сөйлесетінді шығарды. Баласына алаңдаған ата-ана дәрігерге апарып еді, олар ешбір дертті, әлде психикалық ауытқушылықты таппады. Тек «Жастардың өтпелі кезеңі немесе үлкен қаладағы оқуын ойлап күйзеліске түсіп жүрген болар» деп жақындары да, дәрігерлер де басу айтты. Бірақ Әйгүлдің жағдайы күн өткен сайын қиындай түсті. Шашын пышақпен қиқалап, тырнағын тістелеп, жұла бастады. Мұндай қорқынышты жағдайды көрген ата-анасы молдаға апарып, оқытып та көрді. Алайда одан да түк шықпай, гүлдей құлпырған қыздары көз алдарында сола бастады. Содан көрші ауданда белгілі тәуіп бар дегенді естіген әке-шеше қыздарын сонда алып барады. Тәуіп төрт күн, төрт түн оқып, қыздың бойында ешбір тылсым күштің жоқ екенін айтады. Осылайша соңғы сенімдерін арқалап келген ата-ананың үміті үзіле бастайды.
Күндердің артынан күн өтіп, Әйгүл оқуды да, құрбыларын да ұмытады. Өз бөлмесінде қамалып, отбасымен бір дастарқан басында да ас ішпейді. Ешбір сырқаты байқалмағандықтан ата-анасы тек сыртынан бақылап, қызының күтімімен болады. Бір күні Әйгүлдің үйіне үлкен туыс атасы Оғызбай ақсақал келіп, оның сырқатын бірден тап басып айтады.
– Әйгүлдің үлкен әжесі тәуіп болған. Бойында үлкен күш бар еді. Аймаққа аты шығып, талай дертке дауа тапқан жан. Ол да жас кезінде осындай күйге түсіп, кейін бақсы-балгерлікпен айналысып, жанына тыныштықты содан тапты. Бәлкім, Әйгүлдің бойына сол әжесінің қасиеті дарып жатқан шығар. Оны дереу әжесі жатқан молаға апарып, бір түнетіп шығыңдар,– деп Оғызбай қария кеңес береді.
Ертесіне Әйгүлді ата-анасы Оғызбай ақсақал айтқан мекенжай бойынша мола басына апарып, сонда құрбан шалып, қызымен бірге бір түн түнейді. Таңертең оянса, Әйгүл әке-шешесінің қасында жоқ. Айналаны іздеп, тау-тасты кезсе де таппайды. Полиция мен еріктілер де күш жұмылдырғанымен, екі күн бойы Әйгүл із-түссіз жоғалып кетеді. Амалы таусылған ата-ана қалаға оралып, жақындарына хабар беруді ойлайды. Үйіне келсе, қызы түк болмағандай дастарқан басында шай ішіп отыр. Өз көздеріне өздері сенбей «Қызым қайда болдың? Сені екі күн бойы таба алмадық қой» деп сұрақтың астына ала түседі. Алайда Әйгүл үйге қалай келгенін өзі де білмейтін еді.
Бірақ молаға түнеген сол бір түннен кейін Әйгүлдің жағдайы жақсара түседі. Құрбыларымен қайта қауышып, өмірге деген құштарлығы арта түседі. Ата-анасы Алматы қаласындағы білім ордасымен сөйлесіп, оны оқуға алдырады. Осылайша бойына қайта қан жүгірген қызының жағдайын көріп, әке-шешенің қуанышы қойнына сыймайды.
Ай артынан ай өтіп, Әйгүлдің бірінші курсты тәмамдаған кезі. Қызының үйге оралатынын естіген ата-ана бар дәмдісін дайындап, асыға жолын тосады. Алайда үйге оралған Әйгүлдің түсі суық еді. Боп-боз болып кеткен баласы бірдеңелерді сыбырлап, әке-шешесінің үрейін алады. Дәрігерге де, молдаға да барудан бас тартқан Әйгүл анасына ертең жұмысқа бармауын өтінеді. Қызының өтінішін түсінбеген анасы оның себебін сұрағанымен, алайда жауабын ала алмайды. Десе де баласының көңілін қимаған ана ертесінде жұмысынан сұранып үйінде қалады. Сол күні кешкілік Әйгүлдің анасы жұмыс істейтін орында газ баллоны жарылып, қызметкерлер жарақат алғаны туралы хабар келеді. Мұны естіген үйіндегілер естерінен тана жаздап, жаға ұстайды. Қызы бір апаттан аман алып қалғанын іштей сезген ана оның жанына келіп, «Сен жарылыстың болатынын қалай білдің?» деп сұрайды. Ал Әйгүл: «Әкеме айтыңызшы, ертең малды өріске жібермей-ақ қойсын» деп жауап қатады. Шынында, ертесіне өрістегі малға қасқыр шауып, Әйгүлдің үйіндегі төрт түлік қана аман қалады. Осы оқиғадан кейін ата-анасы ғана емес, бүкіл көршілері Әйгүлді көріпкел Ванга санап, босағасынан адам үзілмейді. Әйгүл ескерткен нәрселердің бәрі дөп келіп, ол болашақты да болжай бастайды. Қызының бойындағы ерекше қасиетті байқаған әке-шешесі оның қасынан бір елі қалмай, кезектесіп бақылап жүреді. Бір күні анасы дүкеннен азық-түлік алып келуге шығып, қайта қайтып келе жатқанда қызының қасында қалған алты жасар кенжесі Нұрдостың өзіне қарай жүгіріп келе жатқанын көреді. Баласына жақындаған анасы «Әпке ағашқа асылып тұр» деген сөзді естиді. Қолындағы дүниені тастай сала үйге қарай жүгірген ана Әйгүлдің есік алдындағы талда асылып тұрғанын көріп, есінен танып құлайды.
Осылайша Әйгүл бір сәтте өзіне қол жұмсап, бақилыққа аттанып кетеді. Көршілері шақырған тәртіп сақшылары Әйгүлдің қалтасынан екі хат тапқан екен. Оның бірінде қызы өзінің өліміне ата-анасы ешкімді кінәламауын сұраса, екіншісінде алдағы жүз жылда болатын оқиғаларды тізіп жазып кеткен екен. Алайда әке-шешесі тергеу амалдарының құпиялығына байланысты сол хатқа әлі күнге қол жеткізе алмай келеді. Әйгүлдің өз-өзіне қол жұмсауы бір жұмбақ күйі қалса, хатта жазылған 100 жылдық болжамның да мәтіні белгісіз…

Leave A Reply

Your email address will not be published.