Қажетті кеңес

0 0

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары мен психологтары Қордай ауданының бірнеше мектебінде мұғалімдер және оқушылармен жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, арт-терапия, Гештальт терапия, нейролингвистикалық, топтық, жеке және релаксациялық жаттығулар кешені арқылы психологиялық диагностика жүргізіліп, кеңес берілді.

Бүгінгі таңда елімізде ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету барысында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде, ата-ана – бала – мектеп сабақтастығын дамыту, ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін нығайту және психолог мамандардың оқушыларға психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру арқылы психологиялық сауаттылықты арттыруға басымдық беріледі.
Сонымен қатар, аудандағы елді-мекендерде туындаған жағдайға байланысты үй-жайы өртке оранған, ата-аналары зардап шеккен балалармен және өтініш білдірген кейбір мектеп мұғалімдерімен жеке жұмыстар ұйымдастырылып, психологиялық көмек көрсетілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

ТарМПУ-дың баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.