Doda Sport

Қазынашылық департаментінің қыздары қарсылас шыдатпады

Written by Aray2005

«Тараз-Арена» спорт кешенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік қызметші әйелдер арасында волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Додаға облыс әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінің, сонымен қатар облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің 16 құрама командасы қатысып, кіл мықтының ішінен шын мықтыны анықтады.
Тартысты өткен жарыстың қоры­тын­дысында бірінші орын облыс бойынша қазынашылық департаментіне бұйырса, екінші орынды Талас ауданы әкімдігінің командасы иеленді. Үздік үштікті Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық ден­саулық сақтау департаментінің мемқызметкерлері түйіндеді.
Турнир соңында барлық жеңім­паздар диплом және бағалы сыйлық­тармен марапатталды.

Саятхан Сатылғанов

ПІКІР