КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ

0 1

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Аймақ басшысы Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Санитарлық талаптарға сай дәрігерлер өңір басшысының дене қызуын өлшеп, қолдарын антисептикпен шайды. Бетпердесіз кіруге қатаң тыйым салынды. Жұбайымен бірге дауыс беріп, бюллетеньді жәшікке тастаған Бердібек Машбекұлы түрлі партиялардың байқаушыларынан сайлау барысы туралы сұрап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Әр адамның дауысы маңызды және елдің қай бағытта жүретіні соған байланысты. Мен барлық жамбылдықтарды сайлау құқығын пайдалануға, қоғамдық және саяси процестерден қалыс қалмауға шақырамын. Сайлау учаскелері сайлау комиссиялары мен тәуелсіз байқаушылардың жұмысына керек барлық қажеттілікпен жабдықталған. Дауыс беру құпиясы мен таңдау еркіндігі қатаң сақталады, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.