Астанаға 20 жыл

«Керімбала» керегесін кеңейтуде

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ая­сын­да көптеп ашылып жатқан балабақ­шалар қатары мереке қарсаңында тағы бір ірі мектепке дейінгі білім беру мекемесімен толықты. Қордайда алғашқылардың бірі болып ашылған жекеменшік «Керімбала» балабақшасының құрылтайшылары жуырда тағы бір балғын балалар тәрбиелейтін мекеме ашты. Нысанның ашылу салтанатына аудан басшысы Болатбек Байтөле арнайы қатысты. Сондай-ақ, ауданның Құрметті азаматы Анатолий Шупта және ардагер ұстаздар Маржан Молдабекова мен Әлия Жүнісова сөз сөй­леп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды құттықтап, мекеме басшыларына алғысын білдірді.

Өз кезегінде балабақша құрылтайшысы – «Нұр ел» ЖШС-ның директоры Нұрланбек Болысбаев алдағы уақытта жаңа нысанның мүмкіндіктерін кеңейте түсетіндігін айтты.
Жобалық құны 150 миллион теңгені құра­ған екі қабатты ғимаратта бүлдір­шін­дер­ге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге барлық жағдай жасалған.

«ARAI»-дың тілшілер тобы

ПІКІР