Халық денсаулығы – ең басты құндылық

0 0

Облыс әкімнің тапсырмасымен құрылған мобильдік топтың іс-қимыл алгоритміне сай облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев бастаған топ мүшелері өңірдегі бірқатар нысандардың коронавирусқа қарсы дайындығына мониторинг жүргізді.

Мобильдік топтың мүшелері әуежай мен теміржол бекеті, халыққа қызмет көрсету орталығы мен ірі сауда орындары сынды халық жаппай келетін орындарға арнайы барды. Олар мемлекеттік бас санитарлық дәрігер қаулысына сай көпшілік іс-шаралардың өткізілмеуін қадағалау, қоғамдық көліктер мен аялдамалардың, халық көп шоғырланатын жерлердің дезинфекциялануы, қол жуатын сусабын және өзге де жеке гигиеналық заттардың болуы, қоғамдық жерлерде ақпараттық анықтамалық материалдардың орналасуы секілді мәселелерді зерделеді. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде реттеп, сақтық шараларын жүргізуді тапсырылды. Нысандарды аралау барысында халық көп шоғырланатын «МART» ойын-сауық, сауда кешеніндегі кинотеатр, коньки алаңы мен балалар ойын алаңының жұмысы уақытша тоқтатылғанына көз жеткізілді. Ал әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған «Astana Park» кинотеатрының әкімшілігіне жұмысын тоқтату туралы ескерту берілді. Сондай-ақ тойханалар мен мейрамханаларға да түрлі жиындар мен басқосуларды өткізбеу ескертілді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер де қоғамдық көліктерді жиі дезинфекциялық тазалау жұмыстарын бастады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.