Халық санағының қашан өтетіні белгілі болды

0 14

Ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия отырысында биыл санақтың қашан басталары және нендей ерекшеліктер болатыны анықталған.
Комиссияны премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарады. Халықтың саны, жасы, гендерлік құрамы, урбанизация деңгейі, табыс көлемі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде қарастырылмақ. Отырыста халық санағын 2021 жылдың 1 қыркүйегінде бастау туралы шешім қабылданған. Санақ онлайн форматта sanaq.gov.kz сайтында 2021 жылдың 15 қазанына дейін жүргізіледі. Азаматтар тұрғылықты мекенжайына қарамастан онлайн санаққа қатысып, өзі және отбасы мүшелері туралы деректерді толтыра алады. Алдағы уақытта sanaq.gov.kz сайты мен egov.kz электронды үкімет порталы бірлесе жұмыс істеуі мүмкін.
Дәстүрлі санақ 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра өткеріледі. Онлайн санаққа қатыспаған азаматтар деректері бірден ортақ деректер базасына жіберіледі. Сондай-ақ санақшылар кампания кезінде планшет қолданады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.