«Халыққа жақын бол!»

0 0

Осы аптада еліміз аумағындағы барлық аймақтарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Құзіреттілік және процестерді дамыту орталығының бастамасымен «Халыққа жақын бол!» акциясы бастау алған болатын.

Осы мақсатта, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ның Құзіреттілік және процестерді дамыту орталығының басшысы және СМЖ бойынша өкілі И.Несеннің 2020 жылғы 10 ақпан күнгі № 01-30-16/150 хатымен жолданған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ филиалдарының директорларының қатысуымен фронт және бэк офис мәселелері бойынша «Халыққа жақын бол!» ашық есік күндері ұйымдастырылды.
Шара барысында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ -ы  Жамбыл облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету бойынша» Байзақ аудандық бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Жұмажанов пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ы Жамбыл облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Байзақ аудандық бөлімшесінің басшысы Ғалымжан Орынқұлов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, сұрақтарына жауап беріп, қызмет көрсетті. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мәселелерін шешу, оларға жақын болу және елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатындағы шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты Олжас Абибуллаев, аудандық газет бас редакторының орынбасары Мұхтар Манекеев қатысты. «Біз халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қызмет алушылар үшін оңай әрі жылдам қызмет көрсетуіміз қажет. Сонымен қатар, халыққа жақын болуымыз керек. Себебі қызмет көрсетуде әрбір пікір біз үшін аса маңызды», — дейді шара ұйымдастырушылары.
Осы күні аталмыш бөлімдерге қызмет алуға келген тұтынушылар көкейлерінде жүрген сұрақтары бойынша нақты жауаптар алып жатты.

Сәуле ЕРМЕКОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ы Жамбыл облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету бойынша» Байзақ аудандық бөлімі реттеу зал бастығының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.