Халықтың ұсыныс-тілегі ескерусіз қалмайды

0 6

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азамат­тарды онлайн қабылдады.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Тараз қаласының Құрметті ардагері Жақсылық Досаев өз кезегінде ардагерлерге, яғни зейнеткерлерге өз алдына санаторий керектігін айтып, Тараз қаласындағы теміржолдың арғы бетіндегі тұрғын алқаптағы әлеуметтік мәселелер мен Абай көшесінен көпір салу жайына көңіл бөлуді сұрады.
Аймақ басшысы барлығы заң аясында шешілетінін жеткізіп, қаладағы «Атлетик» спорт кешені базасынан ардагерлерге арналған емдеу-сауықтыру орталығын ашу мәселесі қаралып жатқанын тілге тиек етті. Қазіргі таңда мұнда коронавируспен ауырған науқастарды оңалту орталығы жұмыс жасауда.
Шу ауданынан байланысқа шыққан Ержан Қаршығабеков «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарды бөлу бойынша бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру туралы пікірін білдірді. Қабылдау кезінде цифрландыруға қатысты да бірқатар ұсыныс ортаға салынды.
Бердібек Сапарбаев ұтымды ұсыныстар мен нақты шағымдар ескерусіз қалмайтынын, ол бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.