Хамит Есаман «Алтын тобылғының» иегері

0 12

Қазақ әдебиетінде ерекше шығармасымен жұртты елең еткізген ерекше есімдер көп. Олардың арасында еліміздің әр өңірінен әдебиетке өзіндік стилімен келген ақын-жазушылардың бір топ жас өкілдері де бар. Соның ішінде өлеңі өнеге, ойы тұнық, таланты мен талабының, табандылығының арқасында республикалық түрлі додаларда топ жарып жүрген әулиеаталық жас ақындар да жетерлік.

Мәселен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, «Egemen Qazaqstan» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жерлесіміз Хамит Есаман талай додада топ жарған дарын иесі. Биыл ол бірнеше жылдан бері Қазақстанның Тұңыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырып келе жатқан «Алтын тобылғы» байқауының иегері атанды. Онлайн форматта ұйымдастырылған марапаттау салтанатында байқау жеңімпаздары «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік балалар шығармасы», «Жылдың үздік драматургиясы», «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік шығармалар» аталымдары бойынша марапатталды. Солардың ішінде «Жылдың үздік балалар шығармасы» номинациясы бойынша Хамит Есаманның «Күннен келген Батыр» атты шығармасы үздік деп танылып, оған 2 миллион теңгенің сертификаты берілді. Әдебиет әлемінде өңір атын асқақтатқан Хамит Есаманның бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.