Кітапхана Наурыз мейрамына қол сөмкелерін тікті

0 29

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұлттық нақыштағы қол сөмкелерін тігіп, келген қонақтарға сыйға тартты. Қолөнерді дәріптеген, саусағынан бал тамған кітапханашы қыздардың келістіріп тіккен сөмкелері – көзжауын алып, әр түсті жібек жіптермен көмкеріп, ұлттық нақышта қазақи өнер бастырылып, түрлі тастармен сәнделген.
Қазақ қолөнері – қиын да қызық, шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін жұмыс. Ата-бабаларымыздан қалған баға жетпес мұра. Кешегі аналар ойлап тапқан технологияны сақтай отырып, түрлі бұйым жасауды өскелең ұрпаққа, зағип жандарға «Өнерлінің қолы алтын» қол үйірмесі аясында үйретіп келе жатқан кітапханашы қыздар қазақтың көне өнерін насихаттауды парыз деп санайды.
Ұлттық өнердің шырағын жандырып, қол сөмкені ұлттық нақышта тігіп, бабалардан мұра боп қалған киелі өнерді дәріптеп жүрген арнайы кітапхана қызметкерлері наурыз мейрамында келген қонақтарға қол сөмкелерді кәде сый ретінде берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.