Кітапхана – рухани мәдениеттің ошағы

0 44

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Кітапхана – рухани мәдениеттің ошағы» атты мерекелік кеш өтті.
Кешке кітапхана ардагерлері Мейрамкүл Ысқақызы мен Алия Жақсыбайқызы қатысып, арнау оқылып, кітапхананың жұмысы жайлы бейнеролик көрсетілді.
Алғашқы сөз кітапхана саласында ұзақ та, жемісті қызмет жасап, өз ісінің майталманы атанған Мейрамкүл Ысқаққызына берілді. Тәжірибелі маман әлемдік өркениетте кітапхананың алатын орны, кітапханашы келген оқырмандарға кажетті әдебиеттерін тауып берумен қатар көптеген іс-шаралар: библиотерапиялық кештер, пікірталас, өнеге сағаттар т.б. өткізу арқылы, халқымыздың тарихын, өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени-мұраларын, әдебиет қазыналарын оқырмандарға кітап арқылы насихаттай алатынын жеткізді.
Кітапханашылардың біліктілігін арттырып, заманауи әдіс-тәсілдерді, бағдарламалар мен жобаларды кітапхана жұмысына енгізіп, ұзақ жылдар әдіскер қызметін атқарған Алия Жақсыбайқызы кітапхана саласына қалай келгенін, жас кітапханашыларға бағдарламалар мен жобаларды зағип оқырмандардың пікірін тыңдай отыра жасау керек екендігін түсіндірді. Сондай-ақ, тұрақты оқырман Пірманов Махмұд «Аягөз қайда барасың» әнін орындап, адамзат ойының жемісі, рухани қазынамыз кітап оқудың 8 пайдасы жөнінде бейне ролик көрсетілді.
Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Гүлнұр Пернебекқызы қонақтарды мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.