Кітапханада Шаттық күні тойланды

0 62

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Наурыз мейрамының Шаттық күні тойланды.
Кітапханада мерекелік көңіл күй орнап, «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері мен тұрақты оқырмандар келді
Кітапхана қызметкерлері ұлттық киімде киініп, ән шырқап, өлең оқыды. Шаттық күні көңіл сергітер қуанышты оқиғаларды көбейтті. Кітапхана тынысымен танысуға келген облыстық « Taraz 24 » телеарнасының тілшісіне есіктен кірген сәтінде Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» кітабын, кітапхананың тұрақты оқырманы, І топ көз мүгедегі Сағынкүл Шадырқұловаға ұлттық киім үлгісіндегі жейде мен белдемше, І топ көз мүгедегі Махмұд Пірманов пен тәжірибе алмасуға келген Шу аудандық орталық кітапхананың зағип бөлімінің кітапханашысы Алтыбаева Клараға естелік сыйлықтар берілді.
Шара соңында ұлттық киімдегі кітапхана қызметкерлері Қазақ соқырлар қоғамынына Шаттық күнінің ережесіне сай шашу шашып, екі жақ қосылып ән шырқап, ойындар ойнатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.