Қоғам жылма-жыл Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызметке сенімін арттыруда

0 0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу механизмі туралы айтты.
​Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша хабарлаған тұлғалар саны 2019 жылы 6 айында 8 азамат болса, биылғы жылы 14 азамат хабарлап оларға 2,1 млн. теңге көлемінде сыйақы төленген. Бұл азаматтардың біздің қызметке деген орасан сенімнің белгісі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және оған қарсы тұру, бұл кез келген азаматтың міндеті болып табылады. Сол себептен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сіздердің әрқайсыларыңызды бұл індетпен күресуге және оған қарсы тұруға шақырады, деді өз сөзінде Ә.Әшірбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.