БАСТЫ БЕТ

Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын білеміз — Президент

Written by Aray2005

Қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Менің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарым — бұл үлкен міндеттің алдындағы халықпен кеңесу болды. 2019 жылдың 13 мамырында #BIRGE   жалпыхалықтық акциясы басталды. Оның басты мақсаты — ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Бүгінге дейін 540 мыңға жуық  ұсыныс-тілек келіп түсті», — деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы #BIRGE акциясына қатысып, азаматтық белсенділік танытқан  барша халыққа шын жүректен алғысын айтты.

«Енді біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

inform.kz

ПІКІР