Қоғамдық қабылдауда қандай мәселелер айтылды?

0 11

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс прокурорының бірінші орынбасары Қанат Мамаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар құқық қорғау, атаулы әлеуметтік көмек алу, алимент өндіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін көтерді. Өз кезегінде Қанат Есіркепұлы барлық мәселелерге заң аясында түсінік беріп, оның кейбірін прокуратура органдарының қатаң бақылауына алатынын жеткізді.

Дәл осы күні облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков те қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізді. Облыстық мәслихат хатшысы өз қабылдауына тұрғын үйді заңдастыру және материалдық көмек сұрап келген азаматтардың мәселесін шешуге ықпал етті. Ал қалған сауалдарға заң аясында түсініктеме берілді.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.