Көкпарды тоқтатпақ болған полицейлер оққа ұша жаздады

0 18

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамай көкпарға жиналғандарды тәртіп сақшысы таратпақ болған кезде  оқ атылды.

Топ ішінен шыққан белгісіз біреу шолақ мылтықпен аспанға оқ атып, елдің зәресін алған. Кейіннен көлікке отырып қашпақ  болған жігітті полицейлер тоқтатып,  16 калибрлі  мылтық пен  оқ-дәрі тәркіледі.  Ұсталғанның үйін тінту кезінде де  бірнеше қару табылып отыр. Аталған іс бойынша тергеу басталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.