Коммуналдық қызмет көрсетушілерге арыз-шағым неге көп?

0 2

Коммуналдық қызметтерге байланысты халықтың жанайқайын жиі естиміз. Әсіресе күн суыта бастаса, көпқабатты тұрғын үйлердегі жылудың әлсіздігіне шағымданатындар көп. Ауыз су мәселесінде де түйткілдер жетерлік. Сондықтан облыс әкімі жыл басында коммуналдық мекемелерге арнайы барып, жиында олардың жұмысы пысықталған болатын. Анықталған кемшіліктерді жою туралы нақты тапсырмалар берілгенмен, баяғы жартас – сол жартастың кері болып тұрған сыңайлы. Сондықтан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тиісті басқармалар мен жылу және суға жауапты екі коммуналдық кәсіпорынның басшыларын қайта жинауға мәжбүр болды. «Шешілмеген мəселелер бойынша жұмысшы тобы құрылса да, тапсырмалар толығымен орындалмай отыр. Ал су мен жылуға байланысты тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар тоқтар емес», – деген өңір басшысы энергетика жəне тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың мəселенің жай-жапсарын сұрады. Сала басшысы алдымен «Таразэнергоорталық» АҚ-на тоқталып, ондағы ЖЭО-4 қазандығын жаңарту мен қайта құру мəселесін ортаға салды. Ол қазандықтың техникалықэкономикалықнегіздемесін, жобалықсметалық құжаттарын əзірлеу жəне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу міндеттемесінің орындалумерзімі 2019 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың тамыз айына дейін екенін, ал құрылыс-монтаж жұмыстары 2021-2025 жылдарға жоспарланғанын жеткізді. «Бүгінгі күнге дейін қазандықты жаңарту мен қайта құру бойынша жобалықсметалық құжаттарын əзірлеуші ұйым таңдалмаған. Сенімгерлік басқарушының өз қаражаты есебінен жобаныіске асырудыңқаржыландыру моделі айқындалмаған. Тек қана, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, жобалық-сметалық құжаттарын əзірлеу бойынша компаниялармен өзара меморандум жасаумен ғана шектелген. Шартқа сəйкес, бұл жұмыстарды 2019 жылдың ақпан айынан бастау міндеттелген болатын. Бүгінге аталған міндеттемені орындау мерзіміне небəрі 5 ай қалып отыр»- деді Құдайберген Қорғанбаев. Сондай – а қ , қосымша с у қыздырғыш қазанын орнату арқылы АҚ-4 қазандығын кеңейту міндеттемесінің орындалу мерзімі 2021-2023 жылдары аралығына жоспарланыпты. Дегенмен, бұл бойынша да іс-шаралар жоспары ұсынылмаған көрінеді. Жиында ағымдағы жылы тұтынушыларға ыстық су үздіксіз берілетіні, тек келесі жылыту маусымына дайындық жүргізу үшін тамыз айында 15 күннен аспайтын мерзімге уақытша тоқтатылатыны ескертілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылыту маусымын аяқтау мерзімі талқыланды. Бұл орайда ауа-райы болжамын ескере отырып, 15-20 сəуір аралығында Тараз қаласында жылытумаусымын аяқтау ұсынылды. АлДенсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша, ауруханалар мен перинатальдық орталықтарда жылытумаусымыбелгілі бірмерзімге дейін созылатын көрінеді. Облыс əкімі Бердібек Машбекұлы орталықтың жылу беру нормативі Казгидрометтің мəліметіне сəйкес келуі керектігін ескертті. «Бізде 20-30 градус аяз болып жатқан жоқ. Ондай болса, қайтер едіңдер?», – деген аймақ басшысы жауапты басқармалардың да жұмысын сынға алды. «Біздің басқармалар өрт сөндірушілер сияқты жұмыс істейді. Өрт болып жатса ғана жүгіріп барады, болмаса қаралды. Қашан тұрғындардан арыз-шағым келетінін күтіп отырады», – деді. Аппараттық кеңесте «Жамбыл су» КМК-ны қызметін зерделеудің нəтижесі де қаралды. Кəсіпорынның бекітілген тарифтік сметасында 569 штат қарастырылғанымен, бүгінгі күнге кəсіпорынның штат саны 609 бірлікті құрап, 40 қызметкержұмысқа артық қабылданғаны анықталыпты. Бас инженермен қоса алғанда бас директордың 4 орынбасары, 10 бухгалтер, тұрғындармен қызмет ету бөлімінде орынсыз 2 бөлім, оның бөлім басшысы, сондайақ бақылаушы қызметкерлердің, инженерлердің, бір бөлімде бірнеше мастерлердің нормадан артық саны тіркелген. Осылайша, бір жылда орташа есеппен 80 миллион теңгеге жуық қаражат тиімсіз жұмсалғаны сөз болды. 2020 жылы кəсіпорынның қаржы айналымындағы 1,8 миллиард теңгенің 51,3 пайызыайлықжалақыға жұмсалған. Кəсіпорын 32 606 901 теңгеге инвестициялық бағдарламаны жəне 213 992 теңгеге бекітілген тарифтік сметаны орындамағаны белгілі болған. Еуропалық Қайта құру даму банкімен бірлесе асырылған жоба аясында Тараз қаласы бойынша 65 жер асты су ұңғымаларына есептеуіш құралдары орнатылған болатын. Алайда қазіргі уақытта, табиғи су нысандарынан жиналған, пайдаланылған жəне берілген су туралы мəлімет су ұңғымаларындағы есептеу құралдары арқылы жүргізілмейді екен. Бұдан бөлек , кəсіпорында жалақының уақытылы төленбеуі анықталған. Нəтижесінде былтыр жұмыскерлер кəсіпорын аумағында наразылық акциясын өткізген. Облыс басшысы аталмыш мəселелердің əрқайсысына жіті назар аударып, «Жамбыл су» кəсіпорны басшысының қызметіне сәйкестігі туралы сауал қойды. Бұл сұрақ бойынша бір апта ішінде ұсыныс беруді Тараз қаласы əкіміне тапсырды. «Тəртіп жоқ, ақшада қарау жоқ. Мекемеде моральдық-психологиялық климат өте нашар. Арыз-шағымжиі келеді» – деген Бердібек Машбекұлы бірқатар басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.