Қонаев мешітіне жаңа имам тағайындалды

0 7

Шу ауданында орналасқан «Д. Қонаев» мешітіне Құлыбек Ердаулет ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен имам болып тағайындалды.

Құлыбек Ердаулет Жамбыл облысы, «Һибатулла Тарази» медресесінде тәлім алып, 2015 жылдан бастап, осы күнге дейін, аудандық «Төле би» мешітінде ұстаздық қызметті атқарды.

Жаңа имамды Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы «Д.Қонаев» мешітіне арнайы  іс-сапармен барып, жиылған жамағатқа «мешіт әдебі мен санитарлық талаптарды сақтау» керектігі жайында әңгіме өрбіте отырып, жаңа тағайындалған имамды таныстырды. Тағайындалған имамға жүктелген тапсырмаларды дер кезінде орындауы керектігі сөзге тиек етіліп, ісіне сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.