Қонаққа кеткенде қорасынан жылқы жоғалды
Тараз қаласының Полиция басқармасы кезекші бөлімінің «102» жедел тетігіне екі жылқының жоғалғаны туралы ақпарат келіп түседі. Азамат М.А. Бакеев 4 ақпанда түскі уақытта қонаққа кетіп, әйелімен бірге сағат 16:00-де үйге оралғанда, қорадағы жылқыларының жоғалғаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері іздестіру шараларының нәтижесінде 20 минут ішінде із-түзсіз жоғалған жылқыларды тапты.
Мұхтар Айнабекұлы Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Әділет Сатыбалдиев пен Мейірбек Ахановқа жедел әрі нәтижелі жұмыстары үшін зор алғысын білдірді.